Бір дайындық — үш мектеп
6-сынып және одан кіші оқушыларға. НИШ-ке дайындық БИЛ мен Дарын мектептерінің тестіне де сай келеді.
5 пән пакеті — айына 50 000 ₸
| Пән | Аптасына |
|---|---|
| Математика | 5 сабақ |
| Ағылшын тілі | 3 сабақ |
| Жаратылыстану | 2 сабақ |
| Қазақ тілі | 2 сабақ |
| Орыс тілі | 2 сабақ |
| Барлығы | 14 сабақ |
Пәндерді бөлек алса: математика — 20 000 ₸, ағылшын тілі — 12 000 ₸, қалғандары — 8 000 ₸-ден (барлығы 56 000 ₸). Пакетпен алғанда — 50 000 ₸.
Топтар: І топ — таңғы, ІІ топ — түстен кейін. 4–5-сынып оқушыларына бөлек (ІІІ) топ бар.
НИШ емтиханы қалай өтеді — ата-анаға жадынама
Емтихан 2 күн өтеді.
- 1-күн: математика — 40 тапсырма (60 мин), сандық сипаттамалар — 60 тапсырма (30 мин), жаратылыстану — 20 тапсырма (30 мин).
- 2-күн: қазақ, орыс, ағылшын тілдері — 20 тапсырмадан, барлығы 120 минут.
Сандық сипаттамаларда бір тапсырмаға жарты минут қана келеді — жылдамдыққа алдын ала жаттығыңыз.
- Жауап парағы тек қара сиялы қаламмен толтырылады (гельді емес). Жауапты толық бояңыз: жартылай боялса, есептелмейді.
- Телефон, смарт-сағат, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт алып кіруге болмайды.
Дереккөз: НИШ жадынамасы. Толық әрі соңғы ақпарат — nis.edu.kz сайтының «Оқуға түсу» бөлімінде.